Оралда азық-түлік өнімдеріне төменгі баға сақталып отыр

ОРАЛ. Сәуірдің 25-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Оралда азық-түлік өнімдеріне төменгі баға сақталып отыр,

Оралда азық-түлік өнімдеріне төменгі баға сақталып отыр
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Қала әкімі Самиғолла Оразовтың айтуынша, қалада 47 азық-түлік бағасына мониторинг жүргізіледі. Биылғы қаңтардың 28-інен сәуірдің 7-сіне дейін азық-түлік құнының қалай өзгергенін мысалға алуға болады. Осы мезгілде қант ? 18, сүт ? 10, сиыр еті ? 38, жылқы еті ? 60, картоп 8 теңгеге қымбаттаса, керісінше күріш ? 40, қарақұмық жармасы ? 30, макарон ? 9, күнбағыс майы ? 31, жұмыртқа ? 49, қой еті ? 10, шұжық ? 9, қызанақ ? 37, қияр 16 теңгеге төмендеді. Азық-түлік бағасын қымбаттатпау бағытында тиісті шаралар алынуда. Мәселен, «Ел ырысы» коммуналдық базарындағы «ЖайықБизнесОрталық» ЖШС сөрелерінде ең төменгі баға сақталып отыр. Енді осы серіктестіктің үш шағын базарын ашу ойластырылуда. Сонда делдалдарсыз, тікелей әкелінетін өнім бағасы арзан болады. Мұндай әдіс жаз-күз мезгілінде бау-бақша өнімдерін сатуда да қолданылады.