Оралда балалар құқығын қорғау бағытында меморандумға қол қойылды

ОРАЛ. Ақпанның 4-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - БҚО балалар құқығын қорғау департаменті мен «Үміт» Жайық өңірі әйелдер одағы» қоғамдық бірлестігі арасында өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Шара барысында департамент директоры Әли Мәсәлімов балалар құқығын қорғаудағы өткен жылы атқарылған жұмыстарға тоқталды. Жалпы ересектер мен ата-ана көп жағдайда бала құқығына мән бермейді. Олардың ой-өрісі, сана-сезімімен санаспайды. Тіпті әлімжеттік жасауға дейін барады. Амалы таусылған балалар «бақытын» көшеден іздеп, ақыры қиын жағдайға тап болады. Департамент жұмысы осы келеңсіздіктің алдын алуға бағытталған. «Үміт» Жайық өңірі әйелдер одағы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Екатерина Балғабаева жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар аталмыш ұйым тарапынан қолдау тауып отырғанын жеткізіп, алдағы шаруаның ауқымды екенін атап өтті.
Соңғы жаңалықтар