11:33, 26 Ақпан 2009 | GMT +5
Оралда белгілі әдебиетші-ғалым Х.Сүйіншәлиевті еске алуға арналған шара ұйымдастырылды
ОРАЛ. Ақпанның 26-сы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Орал қаласындағы А.Пушкин мұражайында белгілі әдебиетші-ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Ханғали Сүйіншәлиевті еске алуға арналған шара ұйымдастырылды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Өткен жылғы желтоқсанда туғанына 80 жыл толған ғалым Ұлы Отан соғысынан оралғаннан кейін әуелі Орал педагогикалық институтында, кейін ҚазМУ-де ұзақ жыл жемісті еңбек етті. Абайдың қара сөздерінен бастап бұрын елеусіз қалып келген әдебиет тұлғаларының шығармашылығын зерттеп, тоғыз монография, жиырмадан астам кітап шығарды. Оралдық әдебиетші-ғалым Серікқали Шарабасов Ханғали шығармашылығының сан қыры жөнінде әңгімелесе, студенттер туындыларынан үзінділер оқыды.
Мұражайда ғалым еңбектерінен арнайы көрме де жасақталды.