11:01, 16 Наурыз 2014 | GMT +5
Оралда бір мезетте алты автокөлік соқтығысып қалған
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Кеше кешкісін Оралдағы «Омега» зауыты маңындағы көпірде бірден алты автокөлік түйісіп қалған.
Оқиға куәгерлерінің сөзіне қарағанда, қара түсті ВАЗ-2115 автокөлігі қарсы бетке шығып кетіп, «Опель Вектраны» қағып өтіп, «Лада Приорамен» барып, бетпе-бет соқтығысқан.
Басқа көліктер де түйісуден қашқанымен, құтыла алмаған. Ірі жол-көлік оқиғасынан ВАЗ-2115 автокөлігінің жүргізушісі басынан жарақат алған.
Қазіргі кезде оқиғаның себеп-салдары анықталуда.