Оралда біреудің көлігін айдап кеткен екі бірдей азамат ұсталды

ОРАЛ. 3 желтоқсан. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Оралда 1 желтоқсан күні біреудің көлігін айдап кеткен екі бірдей азамат ұсталды.
None
None

БҚО ІІД жол полициясы басқармасының баспасөз қызметінен хабарлағанындай, «Мирлан» базары ауданында Сырым ауданы Өлеңті ауылының 1971 жылғы С. деген тұрғыны қолға түсті. Ол биылғы 14 қазанда Деркөл кентінен «ПАЗ» автобусын айдап кеткен болатын. Оралда кеше ұсталған осы қаланың 1991 жылғы Е. деген тұрғыны 17 тамыз күні «ГАЗ 3110» («Волга») автокөлігін Ярославская көшесі, 12-үйдің ауласынан «қуып» кеткен болатын. Бұл жас болғанымен, 2008, 2009 және 2011 жылдары ҚР ҚК 175-бабына (ұрлық) сәйкес сотталып үлгерген сабаз болып шықты.

Биылғы он бір айда өңірде 69 автокөлікті айдап кету фактісі тіркелсе, әзірге соның төртеуі ғана табылмай отыр.

Соңғы жаңалықтар