Оралда биыл тағы бір мектеп пайдалануға берілмек

ОРАЛ. Қаңтардың 13-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Орал қаласына қарасты Желаев кентінде 360 орындық қос қабатты мектеп ғимараты биыл күзде пайдалануға берілмек,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Мемлекеттік тілде сабақ беретін мектеп құрылысы өткен жылы басталған болатын, оған республикалық бюджеттен 498 млн. теңге бөлінген. Соның 94 миллионы игерілсе, қалғаны биылғы жыл үлесіне қалып отыр. Құрылыстың мердігері ? «Болашақ-Т» ЖШС. 2008 жылы желтоқсанда Орал қаласында 1200 орындық мектеп іске қосылған болатын.
Соңғы жаңалықтар