Оралда БҚО әкімі Н.Ноғаевтың төрағалық етуімен «Инвестициялық ахуал және әкімшілік кедергілерді жою» тақырыбында кеңес өткізілді

 ОРАЛ. 30 қараша. ҚазАқпарат - 30 қараша күні облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың төрағалық етуімен «Инвестициялық ахуал және әкімшілік кедергілерді жою» тақырыбында кеңес өткізілді.
None
None

Облыс әкімінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, жиында аталып өтілгеніндей, Елбасы инвестиция тартуға қолайлы жағдай туғызып, шағын және орта бизнесті дамыту бағытында үлкен талаптар қойып отыр. Бұл ретте өңірлердің бәсекеге қабілетті болуы айрықша маңызды. Осыған орай жұмыстар жасалып та жатыр. Мәселен, биылғы он айда облыс өнеркәсібіне 88,5 млрд. теңге инвестиция бағытталды.

Индустрияландыру картасы аясында облыста 256 млрд. теңгеге 31 инвестициялық жоба (1400-ден астам жұмыс орны) жүзеге асырылуда. «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасымен 160-тан астам кәсіпкерлік нысаны қамтылып отыр. Мемлекет тарапынан қолдау жасалған несиелер мен инфрақұрылым көлемі 23,1 млрд. теңгені құрайды, бұл 2010-2011 жылдары мақұлданып, берілген несиеден 22 пайызға көп. Осыған сәйкес 2 мың жаңа жұмыс орны ашылды.

Биылғы 1 қарашаға 25,5 мың белсенді шағын және орта кәсіпкерлік нысаны тіркелген, бұл өткен жылғыдан 5 пайызға көп. Мұнда еңбек ететіндер саны - 91548 адам, бұл 5,8 пайызға артық.

Кеңес барысында инвестиция тарту мен кәсіпкерлікті дамытудың өзекті мәселелері талқыланып, алда тұрған міндеттер нақтыланды. Әсіресе, экспортқа бағытталған өнімдер шығару, мемлекеттік бағдарламалар аясында жаңа жобаларды жүзеге асыруға баса назар аударылды.

Соңғы жаңалықтар