Оралда Бөрлі ауданы мұражайының көрмесі ашылды
ОРАЛ. 7 қыркүйек. ҚазАқпарат - 7 қыркүйек күні Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайында «Мұражайлар - халық қазынасы» жобасы аясында Бөрлі ауданы мұражайының көрмесі ашылды.
Оның ашылу салтанатына жиналған оралдықтар ел мен жердің тарихы, сол өлкеден шыққан тарихи тұлғалардың өмірі және қызметімен танысып, құнды жәдігерлерді тамашалады.
Ата-баба тарихын кейінгі ұрпаққа таныстыру мен аманаттау бағытында жұмыс істеп келе жатқан мұражай көрмесі бір айға созылмақ.