Оралда Д.Қонаевты еске алуға арналған шара өткізілді

ОРАЛ. 23 тамыз. ҚазАқпарат - 22 тамыз күні ірі мемлекет және қоғам қайраткері, биыл туғанына 100 жыл толған Дінмұхамед Қонавты еске алуға арналған шара өткізілді.

Оралда Д.Қонаевты еске алуға арналған шара өткізілді

Д.Қонаев атындағы халықаралық қордың облыстық филиалы ұйымдастырған шараға өңірге танымал еңбек ардагерлері, ғалымдар, жұртшылық өкілдері қатысты. Д.Қонаев атындағы қордың облыстық филиалының төрағасы Нұрлан Ізтілеуов мемлекет қайраткерінің өмірі мен қызметі жөнінде баяндама жасаса, ардагерлер Бисен Жұмағалиев, Михаил Усов, Қадыр Ғайсин естеліктерімен бөлісті. Тарихшы Сайлау Сүлейменов, жазушы Энгельс Ғаббасов және басқалар жас ұрпақ үшін Дінмұхамед Қонаевтың ғұмыры мен халыққа сіңірген еңбегі өшпес өнеге екендігін атап көрсетті.