Оралда дінаралық және ұлтаралық келісімге арналған дөңгелек үстел отырысы өткізілді

ОРАЛ. Ақпанның 20-сы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде «Діни төзімділік және ұлтаралық келісім – қоғамдағы тұрақтылық негізі» атты дөңгелек үстел отырысы өткізілді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Облыстық ішкі саясат басқармасы қоғамдық ұйымдармен және діни бірлестіктермен жұмыс бөлімінің бастығы Жамал Иқсанова жастардың мұсылмандық жолына бет бұруы құптарлық екенін айта отырып, сонымен бірге жат ағымдарға ілесіп кетпеу қажеттігін атап өтті. Мұндай әрекеттің алдын алу үшін діни-танымдық шаралардың көптеп жүргізілуі керектігін алға тартты. Университет студенті Зәуре Мұратова ислам дінін ұстануда қасиетті Құран Кәрім кітабына сүйену туралы өз ойын білдірді. Жиналғандар ата-баба ұстанған дәстүрлі діннен ауытқымау жөніндегі ортақ тоқтамға келді.
Соңғы жаңалықтар