Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Оралда діни жат ағымдардың алдын алу және одан жапа шеккендерге көмек беру мәселесіне арналған дөңгелек үстел отырысы болды

ОРАЛ. Қыркүйектің 29-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Қыркүйектің 29-ында Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінде Батыс Қазақстан облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен Ақмола облысының «Деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық қоры аясында діни жат ағымдардың алдын алу және одан жапа шеккендерге көмек беру мәселесіне арналған дөңгелек үстел отырысы болды,

Оралда діни жат ағымдардың алдын алу және одан жапа шеккендерге көмек беру мәселесіне арналған дөңгелек үстел отырысы болды

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Басқосуға өңірдегі дәстүрлі дін өкілдері, Алматы, Ақмола, Атырау, Ақтөбе облыстарынан келген ғалымдар мен дінтанушылар, қаладағы студенттер қатысты. «Руханият» мұсылман университетінің ректоры Мұрат Мыңбаевтың пікірінше, егер әр ұлт өзінің дәстүрлі діни сеніміне мықты болса, әлемде экстремизм болмас еді. Бүгінде түрлі секталардың ықпалымен отбасын ойрандап, мемлекеттің заңына қайшы келетін әрекеттерге (мысалы, әскерге барудан бас тарту және басқа) бару көбейді. Сондықтан билік органдары, қоғамдық ұйымдар, дін орындары бірлесіп, адамдарды, әсіресе, секталардан сақтау жолында жұмыстануы қажет.

Өткен жылы Ақмола облысында ашылған «Деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық қорының (президенті Гүлнәр Оразбаева) еліміз бойынша 13 бөлімшесі болса, таяуда оның қатарына батысқазақстандық орталық та қосылды. Діни ағымдардан жапа шеккендерге және олардың отбасыларына ақпараттық кеңес, заңгерлік, психологиялық, әлеуметтік көмек беруді мақсат тұтқан аталмыш орталықтың өзге облыстардағы өкілдері тәжірибелерімен бөлісіп, пікір алысты, болашақ бағыт-бағдарды айқындады.