Оралда Дүниежүзілік пошта күні атап өтілді

ОРАЛ. 9 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрында Дүниежүзілік пошта күніне және «Қазпошта» АҚ-ның 20 жылдығына орай салтанатты шара өткізілді.
None
None

Жиында «Қазпошта» АҚ БҚО филиалының директоры Бауыржан Қанешев мекеменің өткені мен бүгініне тоқталып, болашақта да айқын мақсатпен, табысты еңбек ете беретіндіктерін білдірді.

Сала қызметкерлерін облыс әкімінің орынбасары Марат Кәрімов құттықтап, қазіргі таңда байланыс құралы көп болғанымен, соның ішінде поштаның орны ерекше екенін атап өтті. Жиырма жыл ішінде «Қазпошта» АҚ даму жолдарынан өтіп, қаладан бастап шалғайдағы елдімекендер тұрғындарына дейін заман талаптарына сай түрлі қызмет көрсететін үлкен мекемеге айналды. Күні бүгін «Қазпошта» құрамында 20 мыңнан астам адам еңбек етеді, үш мыңдай байланыс бөлімшелері бар. Поштаның 2020 жылға дейінгі даму стратегиясы айқындалып, сала алдында тұрған міндет-белестер де көбейіп отыр.

Салтанат барысында үздік қызметкерлерге облыс әкімінің құрмет грамотасы, басқа да марапаттар тапсырылды. Өңірде 23 адамға «Құрметті байланысшы» атағы берілді.

Соңғы жаңалықтар