Оралда Е.Ыбырайымовтың жүлдесі үшін өтіп жатқан халықаралық жарыста жартылай финалға шыққан боксшылар белгілі болды

ОРАЛ. Сәуірдің 2-сі. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Орал қаласындағы жабық мұз айдыны сарайында бокстан олимпиада чемпионы Ермахан Ыбырайымовтың жүлдесі үшін өтіп жатқан халықаралық турнирде жартылай финалға шыққан боксшылар белгілі болды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Батысқазақстандық алты боксшы сәтті өнер көрсетіп, түгелдей жартылай финалға жолдама алды. Белгілі бапкер, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Қуаныш Уақасовтың айтуынша, батысқазақстандықтарға қос алтын медальды жеңіп алуға мүмкіндік бар.

Бүгін жартылай финалдық бәсекелер өткізіліп, соңғы сынға шыққан боксшылар мәлім болады. Жарыс ертең мәреге жетеді.

Аталмыш халықаралық турнир бұрын Ақтөбеде өтіп келсе, биыл Орал қаласында ұйымдастырылып отыр.

Соңғы жаңалықтар