Оралда екі бірдей адамды өлтірген күдікті ұсталды
ОРАЛ. 3 қазан. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Оралға қарасты Зачаган кенті «Сарытау» шағынауданындағы тұрғын үйде екі бірдей адамды өлтіріп,
бой тасалаған Ғайнолла Имашев 30 қыркүйек күні таңертең «Марина» дәмханасының жанында қолға түсті.
ҚазАқпарат бұдан бұрын хабарлағанындай, күдікті 48 жасар әйелді өлтіріп, тоғыз жасар баласының басынан ұрып, одан кейін із жасыру мақсатымен үйді өртеп жіберген.
Іздеу жарияланғаннан кейін де Ғ.Имашев «Вагонник» саяжай қоғамы ауданында қарақшылық шабуыл жасап, жәбірленушінің ұялы телефонын тартып алған.