Оралда екі бірдей медицина мекемесі күрделі жөндеуден кейін пайдалануға берілді

ОРАЛ. Ақпанның 4-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Ақпанның 4-інде Орал қаласында екі бірдей медицина мекемесі күрделі жөндеуден кейін пайдалануға берілді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Облыстық кардиологиялық орталықтың жанынан ашылған, жиырма адамға арналған кардиохирургиялық бөлімшені күрделі жөндеу мен қайта жарақтандыруға жергілікті бюджеттен 452 млн. теңге жұмсалған. Мұны «Алтим» ЖШС атқарып шықты. Сондай-ақ республикалық бюджеттен 485 млн. теңге бөлініп, оған қажетті жабдықтар сатып алынды. Облыс әкімінің орынбасары Серік Сүлейменнің айтуынша, жаңа бөлімше жүрек ақауын ерте анықтап, қазіргі заманғы әдіс-тәсілдерді қолдануға мүмкіндік береді. Орал қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының емдеу корпусы мен зертханасы да күрделі жөнделді. Бұған бөлінген 223 млн. теңгені «Оралқұрылысинвест» ЖШС толықтай игерген. Аурухана 200 орынға есептелсе, соның тең жартысы балаларға арналған. Ғимараттарды аралап көрген ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Тамара Вощенкова өңірде адам денсаулығына барынша көңіл бөлініп отырғанын атап өтті.
Соңғы жаңалықтар