Оралда «Елбасы Жолдауы - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» деген тақырыпта дөңгелек үстел отырысы өткізілді
ОРАЛ. Ақпанның 19-ы. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде «Елбасы Жолдауы - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» деген тақырыпта дөңгелек үстел отырысы өткізілді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Тарих және құқық факультетінің «Консенсус» саяси клубы ұйымдастырған жиынға облыстық ішкі саясат басқармасы, «Нұр Отан» ХДП жергілікті филиалы, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері қатысып, өз пікірлерін ортаға салды. Ішкі саяси тұрақтылық, инновация мен иневстиция, ЖОО-лар бәсекелестік жағдайында сынды мәселелерді талқылаған отырыста, әсіресе, студенттер белсенділік танытып, Елбасы Жолдауын жүзеге асыруға үлес қосатындықтарын білдірді.