Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Оралда есірткі сатумен айналысқан 28 жасар тұрғын ұсталды

ОРАЛ. 17 тамыз. ҚазАқпарат - Орал қаласы ішкі істер басқармасы есірткі бизнесімен күрес бөлімінің қызметкерлері «Урожайный» саяжай қоғамында тұратын, бұрын сотталған 28 жасар тұрғынның облыс орталығы аумағында героин сатумен айналысатынын анықтады.

Оралда есірткі сатумен айналысқан 28 жасар тұрғын ұсталды

Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, жедел шаралар барысында аталмыш азаматтың 2,21 грамм есірткі сатқаны белгілі болды. Есірткі сатушы 16 тамыз күні «Рай» түнгі клубы жанында құрықталып, одан 1,03 грамм героин тәркіленді. Автосервисті тінту кезінде оның жұмыс орнынан 1,79 грамм героин табылса, мекенжайынан 16,09 грамм марихуана шықты.

Қазіргі кезде есірткі сатушы Орал қалалық ІІБ уақытша оқшаулау абақтысында қамауда отыр.