Оралда есірткі сатумен айналысқан бойжеткен қолға түсті

ОРАЛ. 2 тамыз. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - БҚО ішкі істер департаменті есірткі бизнесімен күрес басқармасының қызметкерлері есірткі сатумен айналысқан 22 жастағы қызды қолға түсірді.

Оралда есірткі сатумен айналысқан бойжеткен қолға түсті

Департаменттің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, 13 шілде күні аталмыш бойжеткен Оралдағы Жеңіс және Покатилов көшелерінің қиылысында 3,16 грамм кептірілген марихуана сатқан. Келесі күні ол 3,83 грамм есірткіні және өткізген. Бес күннен кейін сол жерде 71,63 грамм марихуанадан да «құтылған».

Жедел іздестіру шаралары барысында есірткі сатушы қыз 28 шілде күні полицейлердің қолынан түсіп, одан 8,49 грамм марихуана тәркіленді.