Оралда ескек есуден Қазақстан чемпионаты мәреге жетті
ОРАЛ. Шілденің 15-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Орал қаласындағы Шаған өзені айдынында каноэ мен байдаркадан ел чемпионаты мәреге жетті.
Түрлі қашықтықтарда Евгений Егоров (Жезқазған), Александр Емельянов (Шымкент) пен Алексей Дергунов (Орал), Дмитрий Торлопов (Шығыс Қазақстан), Ирина Подойникова (Шымкент) сынды спортшылар үздік нәтиже көрсетіп, чемпион атанды. Олар енді Азия мен әлемдік деңгейдегі жарыстарда ел намысын қорғайтын болады.