Оралда Ғ.Құрманғалиевтің 100 жылдығына орай алғашқы шара ұйымдастырылды

ОРАЛ. Қаңтардың 14-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Х.Есенжанов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында атақты әнші, Қазақстан халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Ғарифолла Құрманғалиевтің 100 жылдығына орай «Дарынды дауыс иесі» атты мерекелік шара өткізілді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Қазақ елінде Мұхит мектебінің негізін қалаған ұлы әншінің өмірі мен шығармашылығына, оның өнердегі шеберлігін насихаттауға арналған кешке шәкірттері, Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармония солистері, республикалық байқаулардың лауреаттары Сағадат Рахметжанов, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Сәуле Таудаева қатысты. Мерекелік шара барысында Ғ.Құрманғалиевтің әндері де орындалды.
Соңғы жаңалықтар