14:32, 02 Ақпан 2009 | GMT +5
Оралда Ғ.Құрманғалиевтің 100 жылдығына орай шара өткізілді
ОРАЛ. Ақпанның 2-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Ж.Молдағалиев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасы «Мұхит» қорымен бірлесіп атақты әнші Ғарифолла Құрманғалиевтің 100 жылдығына орай «Сен мәңгі тірісің, аға!» атты кеш ұйымдастырды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оралдан алты алашқа ән оздырған Мұхиттың дәстүрін жалғастырған әншінің рухына арналған мәдени шараға еңбек ардагерлері Жайсаң Ақбай, Әділғазы Нұрғалиев, Ғазиз Хаймулдин естеліктерімен бөлісті. Кеште әншінің шәкірттері Қатимолла Бердіғалиев, Сәуле Таудаева, Серік Әбдірахманов Ғарекең салған әндерді орындады.