Оралда грек-рим күресінен облыс намысын қорғайтын жасөспірімдер анықталды

ОРАЛ. Ақпанның 18-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Наурыз айында Қарағанды қаласында грек-рим күресінен жасөспірімдер арасында ел чемпионаты өткізілмек. Оралда осы біріншілікте облыс намысын қорғайтын балуандар белгілі болды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Айтулы жарысқа баруға спортта дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттың және №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері лайықты екендіктерін көрсетті. Олар облыстық чемпионатта он салмақ дәрежесінде өздеріне ешкімді тең келтірген жоқ. Жалпы, бұл жарысқа өңір аудандарымен қатар Ақтөбе облысынан да жас балуандар қатысқан болатын.
Соңғы жаңалықтар