Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Оралда қала күнін атап өтуге әзірлік басталды

ОРАЛ. Сәуірдің 11-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Оралда қала күнін атап өтуге әзірлік басталып, іс-шаралар жоспары жасалды,

Оралда қала күнін атап өтуге әзірлік басталды
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Қала әкімінің орынбасары Талғат Нығметовтың айтуынша, биылғы қала күні қыркүйектің 19-ында атап өтіледі. Дәстүрлі мәдени-спорттық шаралардан басқа өзгерістер де енгізілмек. Мысалы, өнер фестивалін өткізіп, оның жеңімпаздарын қала күні марапаттау көзделіп отыр. Сондай-ақ қаланың әнұранын жазуға бәйге жариялау да ойластырылуда.