Оралда каратэден Мәншүк Мәметованы еске алуға арналған халықаралық турнир өтеді
АСТАНА.KAZINFORM – 15-18 мамыр күндері Орал қаласында WKF каратэден Кеңес Одағының батыры Мәншүк Мәметованы еске алуға арналған Х халықаралық «Akzhayk Open» турнир өтеді.

Қазақстан WKF каратэ федерациясының хабарлауынша, аталған турнир жасөспірімдер, жастар мен ересектер арасында ұйымдастырылады.
Сондай-ақ, бұл турнир жастар мен кадеттер арасындағы Азия чемпионатына іріктеу бәсекесі болып саналмақ.
Дәстүрлі халықаралық турнирде Қазақстан, Қырғызстан, Әзербайжан, Өзбекстан, Грузия, Ресей Федерациясы және Түркиядан келген мыңға жуық спортшы бақ сынайды.
Турнирде спортшылар кате және кумито бойынша өзара мықтыларды анықтайды.
Айта кетерлігі, жарыс таңғы сағат 09:00 мен кешкі 19:00 арасында, «Жайық Арена» спорт кешенінде өтеді. Турнирдің салтанатты ашылу рәсімі 16 мамырға жоспарланған.
Еске салайық, осыған дейін орал қаласында жасөспірімдер, кадеттер және ардагерлер арасында каратэнің WKC/FW түрінен ІІ Азия чемпионаты өткенін хабарлаған едік.