Оралда қару-жарақ металға айналды

ОРАЛ. 28 қаңтар. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Өткен жылғы төртінші тоқсанда және биыл жыл басынан бері тәркіленген, адамдар өз еркімен тапсырған қару-жарақ «Қазармапром» АҚ-ның шойын құю пештерінде жойылды.

Оралда қару-жарақ металға айналды

Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, барлығы 89 атыс қаруы, соның ішінде 10 шолақ мылтық, 24 газды пистолет, бір-бірден пневматикалық және травматикалық пистолеттер «келмеске кетті». Соның ішінде қос мылтық жасалған қылмыс бойынша айғақ ретінде алынған еді.

Қару-жарақ жойылғаннан кейін одан 132 килә металл алынды.