Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Оралда қатерлі ісік ауруларынан емдеу және оның алдын алу мәселелері талқыланды

ОРАЛ. 10 ақпан. ҚазАқпарат - Бүгін Батыс Қазақстан облыстық клиникалық ауруханада «Тәуелсіз мемлекеттер шеңберінде, жаһандық бюджет жағдайында амбулаторлық деңгейдегі рецептпен босатылатын дәрілік құралдармен қамтамасыз ету алгоритмі» атты семинар өтті.

Оралда қатерлі ісік ауруларынан емдеу және оның алдын алу мәселелері талқыланды

Семинарда қатерлі ісік ауруларының және одан өлім көрсеткішін төмен­­детудің жаңа модулі, облыс тұр­ғындарына онкология­­лық кө­мек көрсетудің қол­же­тімділігі мен сапасын кө­теру, учас­келік онко­логтар үшін  ам­булаторлық-хи­мияте­рапия­лық емдеудің стан­дарттары әң­гіме болды.

Республикалық онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары­мен өткен телекөпірде обыр дертінің еліміз бойынша көрсет­кіші мен аурудың алдын алу мәселелері сөз болды.

«Облыста жыл сайын онкология бойынша 70 мыңдай адам  скринингілік тексеруден өтеді. Енді емделуші тегін берілетін дәрі-дәрмекті, отадан басқа емдік ша­ралардың бәрін жергілікті жер­­дегі ауруханаларда алатын болады. Обырдың алдын алу шаралары және дәрімен қамтудың тиімділігі онкологиялық аурулар мен өлімді азайтуға тиіс», - деді облыстық онкологиялық диспансердің бас дәрігері Есенгелді Рабаев.

Жиында онкологиялық ауру­лардың және өлімнің көрсеткіш­терін азайтудың жаңа модулі туралы облыстың штаттан тыс бас онкологы Тайман Аманов баяндама жасады.