Оралда Қазақстан халқы облыстық ассамблеясының кезекті сессиясы болды

ОРАЛ. Ақпанның 12-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Оралда Қазақстан халқы облыстық ассамблеясының кезекті, ХІІ сессиясы болды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Сессияда баяндама жасаған облыс әкімі, облыстық ассамблея төрағасы Бақтықожа Ізмұхамбетов Елбасы алға қойған міндеттерге сәйкес негізгі жұмыс бағыттарымен қатар өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына тоқталды. Мұнда аймақта ұлтаралық келісімді сақтау нәтижесінде іргелі табыстарға қол жетіп отырғанын атап өтті. Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігі Ассамблея хатшылығының меңгерушісі Ералы Тоғжанов өз сөзінде Ассамблеяның даму жолынан өтіп, саяси жүйенің маңызды институтына айналғанын атап көрсетті. Қазіргідей әлемдік қаржы дағдарысы жағдайында халық бірлігінің маңызы зор. Облыстық ассамблея төрағасының орынбасары Қуанышбай Төлебаев аймақтық жоспар бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталды. Сессияда сөйлеген ассамблея мүшелері Елбасы жүргізіп отырған саясатты толық қолдайтындықтарын білдірді. Жиын соңында халық бірлігі, тыныштық пен келісімді нығайтудағы үлесі үшін облыстық ұлттық-мәдени орталықтар басшыларына ҚР Президентінің Құрмет грамотасы, алғысхаттар тапсырылды.
Соңғы жаңалықтар