Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Оралда Қазақстан полициясының 20 жылдығы аталып өтілді

ОРАЛ. 23 маусым. ҚазАқпарат - Кеше Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрында ҚР полициясының құрылғанына 20 жыл толуына арналған салтанатты жиналыс болды.

Оралда Қазақстан полициясының 20 жылдығы аталып өтілді

Оған облыс әкімі Нұрлан Ноғаев қатысып, облыстық ішкі істер құрылымдары өкілдерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Салтанатты жиында облыстық ішкі істер департаменті бастығының орынбасары Талғат Рахметов ҚР полициясының 20 жылдығы туралы баяндама жасады. Еліміз тәуелсіздік алған алғашқы жылдардан бастап елімізде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп, қылмыспен күресті күшейтуде полиция қызметкерлері қажырлы еңбек етіп келеді. Олар өз міндеттерін адал атқарып, қылмыскерлерді құрықтауда өмірлеріне қауіп төнсе де, аянған емес. Мысалы, осы жылдар ішінде облыстық ішкі істер құрылымдарының 29 қызметкері аса қауіпті қылмыскерлерді ұстауда ерлікпен қазаға ұшырады. Сонымен қатар батысқазақстандық он  қызметкер Елбасының қолынан мемлекеттік награда - орден мен медальдар алды. Көптеген полицейлер ҚР ІІМ мен облыстық ішкі істер департаментінің грамоталарымен марапатталды.

Салтанатты жиында  ҚП ішкі істер министрі, генерал-лейтенат Қ.Қасымовтың  құттықтау жеделхаты оқылды. Облыстық ІІД бастығы, генерал-мойор А.Жалмұхамбетов  облыс әкімі Нұрлан Ноғаевқа және біртоп  озат қызметкерлерге «ҚР полициясына  - 20 жыл» төсбелгісі мен алғысхаттарды табыс етті.

Салтанатты жиналыс  мерекелік концертке ұласты.