Оралда Қазақстандағы көліктік мәшине жасауды дамыту мәселелеріне арналған «дөңгелек үстел» болып өтті

АСТАНА. Қаңтардың 22-сі. ҚазАқпарат – Бүгін Оралда Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасында Қазақстан Республикасындағы көліктік мәшине жасау өнеркәсібін дамыту мәселелеріне арналған «дөңгелек үстел» болып өтті.
None
None
Оның қатысушылары «Қазтеміртранс» және Батыс Қазақстан облысындағы мәшине жасау кәсіпорыны жүк вагондарын жөндеуге арналған қосалқы бөлшектерді өндіру және жеткізіп беру мәселелерін, Қазақстан Республикасындағы көліктік мәшине жасау өнеркәсібін дамытудың перспективасын, сондай-ақ ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын, принциптері мен тетіктерін талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазтеміртранс» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Іс-шараның шешуші сәті «Қазтеміртранс» АҚ, «Зенит» Орал зауыты» АҚ, «Орал құю-механикалық зауыты» ӨК, «Батыс Қазақстан мәшине жасау компаниясы» АҚ, «Белес» құрылыс және мәшине құрылысы консорциумы арасындағы теміржол көлігін дамыту саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою болды.Тараптардың пікірінше, қол жеткізілген уағдаластық теміржол көлігі және жүк вагондарын жөндеу қуаттылығы саласындағы отандық өндірісті дамытуды ынталандыруға бағдарланған жобаларды іске асыруға көмектеседі.
Соңғы жаңалықтар