19:22, 16 Ақпан 2009 | GMT +5
Оралда қазынашылық жүйесінің құрылғанына 15 жыл толуы атап өтілді
ОРАЛ. Ақпанның 16-сы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Елімізде қазынашылық жүйесінің құрылғанына 15 жыл толуына орай облыстық қазынашылық департаментінде салтанатты жиын болды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Департамент бастығы Дархан Қуанышев қазынашылықтың құрылу тарихы туралы әңгімелеп, өткен жылы атқарылған жұмыстарға тоқталды. Озат қызметкерлерді марапаттауды да ұмытқан жоқ.
Облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Ноғаев қазынашылық қызметкерлерін мерекелерімен құттықтап, өңір басшысы атынан құттықтау және алғысхаттарды табыс етті.