Оралда кеден саласының үздіктері марапатталды

ОРАЛ. 12 желтоқсан. ҚазАқпарат - ҚР Тәуелсіздігі және кеден органдарының құрылған күніне орай бүгін БҚО бойынша кедендік бақылау департаментінде салтанатты жиын өткізілді.

Оралда кеден саласының үздіктері марапатталды

Жиынға қатысушыларды төл мерекемен департамент бастығы Ерлан Керімов құттықтап, кеденшілердің ел қазынасын молайтуға қосып отырған үлесі қомақты екенін атап көрсетті. Атап айтқанда, биылғы он бір айда батысқазақстандық кеденшілер бюджетке 16 млрд. 5,847 млн. теңге аударды. ҚР Қаржы министрлігінің болжамды тапсырмасы 101,2 пайызға орындалды. Жыл басынан бері кеден заңдылығын бұзушыларға қарсы 12 қылмыстық, 115 әкімшілік іс қозғалды.

Мейрамға байланысты сала үздіктері Кедендік бақылау комитеті мен облыстық департаменттің төсбелгілерімен, құрмет грамоталарымен, алғысхаттарымен марапатталды. Кеден қызметін көрсетуге атсалысып жүрген бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, сондай-ақ ардагерлер де ұмыт қалған жоқ.