Оралда кеденшілердің аймақтық семинары өткізілді

ОРАЛ. 10 қазан. ҚазАқпарат - БҚО бойынша кедендік бақылау департаментінде қашықтықтан оқыту мәселелері жөнінде аймақтық семинар өткізілді.
None
None

Департаменттің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, БҚО, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе және Қызылорда облыстары кедендік бақылау департаменттері кадр жұмысы бөлімінің мамандарына ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті кадр жұмысы басқармасы мен оқу-әдістемелік орталығының жетекші қызметкерлері дәріс берді.

Кедендік одақ және Бірыңғай экономикалық кеңістік аясында тауарларды кедендік рәсімдеу мәселелерін шешу оңай емес және ол үнемі жаңартылуда. Сол себепті қандай жағдайда болсын жол таба білетін сауатты да жоғары білікті мамандардың қажеттігі ауадай айқын.

Семинар жаңадан қабылданған қызметкерлерді қашықтықтан оқыту, оларды тестілеуге жан-жақты әзірлеу мәселелеріне арналды. Жиында аталып өтілгендей, Кедендік бақылау комитетінің қашықтықтан оқыту порталы өз білім-білігін жетілдіремін деген қызметкерлердің қай-қайсысына да қолжетімді.

Соңғы жаңалықтар