Оралда қоғамдық-саяси тұрақтылықты сақтау мақсатында өзара түсіністік пен әріптестік жөніндегі меморандумға қол қойылды

ОРАЛ. Ақпанның 20-сы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінде жергілікті үкіметтік емес ұйымдар мен саяси партиялар жетекшілерінің қатысуымен өңірде қоғамдық-саяси тұрақтылықты сақтау мақсатында өзара түсіністік пен әріптестік жөніндегі меморандумға қол қойылды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Жаһандық экономиканы шарпыған дағдарыстың әсерін әлсірету үшін өңірде де бірқатар іс-шаралар қолға алынуда. Маңызды құжатқа қол қойылар алдында облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов соңғы жылдары облыс өмірінде болған оң өзгеріс, игі шаралардың бір парасына тоқталды. - Бұл ешқандай да саяси құжат емес. Ешкімнің көзқарасына, пікіріне, саяси ұстанымына қарсылық жоқ. Тек бір ескеретін жайт, дүниежүзілік дағдарыс кезінде біз де етек-жеңімізді жинақтап, ауызбірлікті болуымыз шарт. Елбасымыздың талабы осы. Қазақстан дағдарысқа қарамастан өзінің әлеуметтік саладағы бірде-бір жобасын қаржыландыруды тоқтатпады. Мұндай оңды істер Ақ Жайық өңірінде де баршылық. 2008 жылы республикалық бюджет қаржысына 4 мектеп салынса, биыл да 4 мектеп пен 3 балабақшаның құрылысы жүргізіледі. Үш балабақшаның біреуін биыл бітіреміз деген жоспар бар. Бұдан бөлек 47 білім ошағы күрделі жөндеуден өткізілсе, биыл да дәл сондай білім ошағы жөнделеді. Яғни, облыстағы әрбір төртінші мектеп қалпына келтіріледі. Денсаулық сақтау саласында 2008 жылы 8 нысан пайдалануға берілсе, биыл 5 нысан салынуда. Өткен жылы 12 ғимарат күрделі жөндеуден өткізілсе, биыл жоспарланғаны - 23. Мәдениет саласында былтыр 31 нысан қалпына келтірілсе, биыл күрделі жөндеумен 24 ғимарат қамтылады. Алмағайып уақыттарда облыстағы 22 кәсіптік-техникалық мектептің ешбірі талан-таражға түскен жоқ. Сол 22 мектептің өткен жылы 16-сын күрделі жөндеп шықсақ, биыл алтауы жөнделмек. Күрделі жөндеу дегеніміз тек есік-терезені алмастыру емес. Біз ол мектептердің материалдық-техникалық базасын түгелдей жаңартудамыз. Халықтың аз қамтылған бөлігін әлеуметтік қорғауға да зор мән беріп отырмыз. Оларға тиісті мемлекеттік жәрдемақыдан бөлек, бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде қаржылай көмек берілуде, - деді облыс басшысы.
Соңғы жаңалықтар