13:59, 31 Мамыр 2010 | GMT +5
Оралда колледжде оқитын студент суға батып кетті
ОРАЛ. Мамырдың 31-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Орал қаласында мамырдың 29-ында Құрманғазы атындағы музыка колледжінің үшінші курсында оқитын 1988 жылғы М. деген студент суға батып кетті.
Орал қалалық төтенше жағдайлар басқармасынан Дәмет Жұмағұлованың ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, ол Шаған өзеніне рұқсат етілмеген жерден суға түскен. Орал қаласында жыл басынан бері осымен 16 төтенше жағдай тіркелсе, соның тең жартысы - өрт оқиғалары.
Биыл Батыс Қазақстан облысында алты адам суға кетсе, соның тең жартысы балалар болып отыр.