Оралда «Конфессияаралық келісім ? жаңару мен дамудың негізі» деген тақырыпта дөңгелек үстел отырысы өткізілді

ОРАЛ. Наурыздың 31-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен «Конфессияаралық келісім – жаңару мен дамудың негізі» деген тақырыпта дөңгелек үстел отырысы өткізілді,

Оралда «Конфессияаралық келісім ? жаңару мен дамудың негізі» деген тақырыпта дөңгелек үстел отырысы өткізілді
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Мемлекеттік органдар қызметкерлері, жоғары және орта арнаулы оқу орындары, діни бірлестіктер өкілдері бас қосқан жиында өңірде жалпы жағдай тұрақты болғанымен, жат ағымдардың бой көрсете бастағаны алаңдататыны айтылды. Осыған орай тұрғындар, әсіресе, жастар арасында түсінік жұмыстарын ширата түсу қажет. Ішкі саясат басқармасы үкіметтік емес ұйымдармен және діни бірлестіктермен жұмыс бөлімінің бастығы Жамал Иқсанованың айтуынша, облыста 76 діни бірлестік болса, тіркелмеген алты ұйым тағы бар. Биыл жыл басынан бері қала ғана емес, Сырым, Ақжайық, Қаратөбе аудандарының ауылдарында да кездесулер ұйымдастырылып, адамдардың теріс жолға түсуіне жол бермеу қажеттігі атап өтілді.