Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Оралда «Конституция - елдің дамуы мен тұрақтылығының негізі» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді

ОРАЛ. Тамыздың 30-ы. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде ҚР Конституциясының 15 жылдығына орай «Конституция - елдің дамуы мен тұрақтылығының негізі» атты облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оралда «Конституция - елдің дамуы мен тұрақтылығының негізі» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді

Конференцияның пленарлық мәжілісінде Конституцияның құқықтық негіздері, оның ел дамуындағы, Қазақстанның құқықтық жүйесін қалыптастырудағы рөлі туралы баяндамалар тыңдалды. Конференцияға қатысушылар Ата заң баптарына қандайма болсын өзгеріс-толықтырулар енгізу уақыт талаптарына байланысты екендігін атап өтті.

Аталмыш университеттің ішкі және сыртқы бағалау бөлімінің бастығы Олег Юровтың айтуынша, Конституция негізгі мемлекеттік құжат болғандықтан, ол елдегі барлық демократиялық жаңаруларға, қоғамның алға жылжуына үнемі әсер етеді. Қазақстан қазіргі уақытта ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуде, сондықтан оның алдында үлкен міндеттер тұр.