Оралда контрафактілік тауарлар жойылды

ОРАЛ. 1 маусым. ҚазАқпарат - Оралда сот шешіміне сәйкес 328 алкогольдік ішімдік пен 200 дана аудио-бейне өнімдері жойылды.

Оралда контрафактілік тауарлар жойылды

Сот актілерін орындау департаментінен Уәли Дүйсенғалиевтің хабарлауынша, заңсыз алкогольдік өнімдердің 222-сі «Жером» ЖШС-на, ал қалғаны Ақжайық ауданы Тайпақ ауылындағы жеке кәсіпкер М.Төлегеноваға тиесілі. Аудио-бейне таспалардың 24-і М.Блекешова, 19-ы Ғ.Жақыпов және қалған 100-ден астамы А.Гогоняк деген жеке тұлғалардан алынған. Заңсыз өнімдерді жоюға БҚО сот актілерін орындау департаментінде мемлекеттік сот орындаушыларынан арнайы құрылған комиссия қатысып, заңсыз айналымдағы тауарлардың жойылуына куә болды.