Оралда көпқабатты үйдің жертөлесі өртенді, 13 адам құтқарылды, зардап шеккендер бар

АСТАНА. 23 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгін түнгі сағат төрт жарымда Орал қаласындағы көпқабатты пәтерлердің бірінің жертөлесінен өрт шықты. Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

Оралда көпқабатты үйдің жертөлесі өртенді, 13 адам құтқарылды, зардап шеккендер бар

Өрттің таралуы бір сағатта тоқтатылып, тағы бір сағатқа жуық уақыттан кейін толығымен ауыздықталды. Жалынның тараған аумағы 50 шаршы метрді құрады. ТЖ салдарынан екі адам көмірқышқыл газына уланды, медициналық көмек көрсетілгеннен кейін олар үйлеріне қайтарылды. 42 адам қауіпсіз жерге көшірілді, 13 адам құтқарылды. Жалынмен күреске ҚР ТЖМ БҚО бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 28 адамы мен 10 техникасы жұмылдырылды.