Оралда «ҚПО б.в.» компаниясының мекенжайы ашылатын болады

ОРАЛ. Сәуірдің 3-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Оралда «ҚПО б.в.» компаниясының мекенжайы ашылатын болады. Бұл туралы компанияның бас директоры Роджер Фокс сәуірдің 3-інде мәлім етті,

Оралда «ҚПО б.в.» компаниясының мекенжайы ашылатын болады
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Р.Фокстің айтуынша, бұл жергілікті кәсіпорындармен тығыз байланыста жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Оралда сондай-ақ семинарлар тұрақты түрде ұйымдастырылатын болады. Алдағы уақытта компания тендерлерін жүз пайыз Қазақстанда өткізуді мақсат етеді. Сондықтан бұған отандық кәсіпорындар да қатыса алады. Ең бастысы, өнім жеткізушілер мен мердігерлердің жұмыс сапасы әлемдік талаптарға сай, сапалы болуы керек.