Оралда ҚР Конституциясының 15 жылдығы кеңінен аталып өтілуде
ОРАЛ. Тамыздың 30-ы. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Оралда ҚР Конституциясының 15 жылдығы кеңінен аталып өтілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Осыған дейін облыс көлемінде Ата заң құрметіне арналған мәдени-спорттық шаралар, салтанатты кештер, дөңгелек үстелдер ұйымдастырылса, бүгін Оралдағы орталық Абай алаңында мейрам еңбек ұжымдарының шеруімен басталды. Салтанатты шара концерттік бағдарлама, мәдени-спорттық, бұқаралық іс-шараларға жалғасып, кешкісін ҚР Конституциясының 15 жылдығына арналған гала-концерт мерекелік отшашуға ұласпақ.
Тамыздың 31-інде қала мектептерінде ақпараттық көрмелер ұйымдастырылса, қыркүйектің 1-інде «Ата заңыма 15 жыл» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізіледі.