15:10, 08 Сәуір 2025 | GMT +5
Оралда құбырда апат болып, облыстық онкодиспансер сусыз қалды
ОРАЛ. KAZINFORM — Орал қаласында су құбырындағы апатты жою жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Батыс су арнасы» ЖШС-дан мәлім еткеніндей, Жамбыл және П.Садомсков көшелерінің қиылысында диаметрі 600 мм су құбырында апатты жағдай болды.
- Осыған байланысты облыстық онкологиялық диспансер, сот сараптамалары орталығы, MIG Qazaqstan ядролық медицина орталығына бүгін сағат 12.00-ден бастап салқын су беру тоқтатылды. Сондай-ақ П.Садомсков, Жамбыл, Б.Мұхамбетов, Теректі, Ақмола, Жаңақала көшелерінде орналасқан жеке үйлерде су болмайды. Апатты шамамен сағат 20.00-ге дейін жою көзделіп отыр, - деп хабарлады ведомстводан.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда құбыр жарылып, қаланың бір бөлігі сусыз қалғанын жазған болатынбыз.