Оралда құбырда апат болып, үйлер мен сауда нысандары сусыз қалды
ОРАЛ. KAZINFORM — Орал қаласында Құрманғазы көшесі 179/2-мекенжайында диаметрі 300 мм су құбырында апат болды.
«Батыс су арнасы» ЖШС-ның баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, осыған байланысты 30 қазан күнгі сағат 10.00-ден бастап қаланың орталық бөлігіне салқын су беру тоқтатылды.
Атап айтқанда, Құрманғазы көшесі 179, 179/2, 202, 204, 206, 208, 210, 210/1, Привокзальная көшесі 1, 3, 58/1, 58/2, 58/3, 58/4, Ә.Молдағұлова көшесі 9, Әбубәкір Кердері көшесі 191, Чапаев алаңы 1, 1/1 (теміржол вокзалы) мекенжайлары бойынша көпқабатты тұрғын үйлерде су болмайды.
- Сонымен қатар осы маңдағы сауда нысандары мен жеке үйлерге де су беру құбыр апаты жойылғанға дейін тоқтатылды. Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауыңызды сұраймыз, - делінген ресми ақпаратта.
Бұған дейін Оралда М.Мәметова көшесі 48-мекенжайында 26 қазан күні диаметрі 150 мм су құбырында апат болып, бірнеше көпқабатты тұрғын үй мен балабақша сусыз қалған еді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда құбырдың істен шығуына байланысты Зачаган кенті сусыз қалғанын жазған болатынбыз.