Оралда құбырдағы апат салдарынан бірнеше шағынаудан салқын сусыз қалды

ОРАЛ. KAZINFORM — Орал қаласында Зачаган кентінде бірнеше шағынауданға салқын су беру тоқтатылды.

жылу құбыры
Фото: Валерий Бугаев

«Батыс су арнасы» ЖШС-дан мәлім еткеніндей, қазіргі кезде Жәңгір хан көшесі 51-мекенжайында диаметрі 200 мм су құбырындағы ақауды жою жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

Осыған байланысты Жәңгір хан көшесі 43, 47, 45/1, 49, 50, 51 (Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті), 53, 55, 57, 59, 60, 61, 63, 63а мекенжайлары, сондай-ақ «Ғалымдар ауылы», «Жақсы ауыл» және СМП шағынаудандары салқын сусыз қалды.

- Су құбырындағы апатты 25 шілде күні шамамен сағат 22.00-ге дейін жою көзделуде, - деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Орал қаласында 800-ге жуық абоненттің ыстық сусыз қалғанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар