Оралда құны 65 млн теңгеден асатын сиреналық-сөйлеу құрылғылары орнатылып жатыр
ОРАЛ. KAZINFORM – Орал қаласында заманауи дабыл жүйесі орнатыла бастады.

Орал қаласы әкімдігінен мәлім еткеніндей, мұндағы мақсат – тұрғындарды табиғи, техногендік және әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы дер кезінде хабардар ету.

Аталмыш құрылғылар қауіп төнген жағдайда жедел хабар таратуға, қоғамдық маңызы бар және жедел ақпаратты жеткізуге, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
– Жүйені енгізу арқылы төтенше жағдайларға дайындық деңгейі артады, жауапты қызметтердің әрекет ету уақыты қысқарады, ықтимал тәуекелдер мен шығындар азаяды. Құрылғылардың жалпы құны 65 млн. теңгеден асады. Жоба «Азаматтық қорғау туралы» ҚР Заңына сәйкес жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылып жатыр, - деп хабарлады ведомстводан.


Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда құбыр ауыстыруға байланысты 200-ден астам абонент ыстық сусыз қалғанын жазған едік.