12:16, 07 Шілде 2010 | GMT +5
Оралда мәреге жеткен Қазақстан Президентінің жүлдесі үшін ІV халықтық спорт ойындарында батысқазақстандықтар жеңіске жетті
ОРАЛ. Шілденің 7-сі. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Орал қаласында Қазақстан Президентінің жүлдесі үшін ІV халықтық спорт ойындары мәреге жетті.

Жарыс қорытындысында БҚО құрамасы 266 ұпай жинап, жеңімпаз атанды. Батысқазақстандықтар волейбол (ерлер), шағын футбол, дойбы, самбо, отбасылар арасындағы жарыстан топ жарып, бірінші орынды еншіледі. Қостанайлықтар 214 ұпаймен екінші, шығысқазақстандықтар 205 ұпаймен үшінші орынды еншіледі. Қостанай құрамасы стритболдан, жазғы президенттік көпсайыстан, гір спортынан алдына жан салмаса, ШҚО волейболдан (әйелдер) жеңімпаз атанды.
Халықтық спорт ойындары жоғары дәрежеде ұйымдастырылып, басқа да командалар жарысқа белсене қатысты.