Оралда математика мәселелеріне арналған республикалық конференция өтуде

ОРАЛ. 2 тамыз. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінде «Математика және информатиканың өзекті мәселелері мен болашағы. Математиканы оқытудың әдістемесі» атты республикалық ғылыми-әдістемелік конференция өтуде.

Оралда математика мәселелеріне арналған республикалық конференция өтуде

Аталмыш басқосуға Қазақстан ЖОО-ларынан ғалымдар және мектеп мұғалімдері қатысуда. Конференцияда Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті теориялық математика және ғылыми пәндер институтының директоры, профессор, физика-математика ғылымдарының докторы Нұрлан Темірғалиев, Мәжіліс депутаты, белгілі ғалым Виктор Киянский және басқалары өз ойларын білдіріп, елімізде математикаға барынша көңіл бөлініп отырғанын, студенттер мен оқушылардың халықаралық олимпиадаларда жүлделі орындарға ілігіп жүргенін атап өтті.

Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің құрылтайшысы, ҚР Инженерлік академиясы облыстық филиалының жетекшісі, профессор Ақсерік Әйтімовтің айтуынша, шараны өткзізудегі мақсат - математика деңгейін одан әрі көтеру.

Конференция барысында Ж.Досмұхамедов атындағы педколледж директоры, педагогика ғылымдарының докторы Шалқыма Құрманәлинаға аталмыш университет ғылыми кеңесінің шешімімен профессор, қаладағы №10 орта мектеп директоры Софья Ізмұхамбетоваға доцент атағы берілді.

Жиын ертең қорытындыланбақ.