Оралда медколледж студенттері арасында бірінші аймақтық байқау өткізілді
ОРАЛ. Сәуірдің 6-сы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан медицина колледжінде Қазақстан мен Ресей медколледждері студенттері арасында бірінші рет аймақтық кәсіби байқау өткізілді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оған Атырау, Ақтөбе, Самара мен Оралдан төрт команда қатысып, фельдшер мамандығы бойынша оқитын үшінші курс студенттері алты кезеңнен тұратын сайыста өз шеберліктерін ортаға салды.
Байқау қорытындысында атыраулықтар бас жүлдені еншілесе, оралдықтар ? бірінші, самаралықтар мен ақтөбеліктер екінші, үшінші орынды бөлісті.