Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Оралда «Мектепке жол» қайырымдылық шарасы жалғасуда

ОРАЛ. 23 тамыз. ҚазАқпарат - 22 тамыз күні «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында Орал қаласындағы №4, 26, 39 мектептің тоғыз оқушысына оқу құралдары табысталды.

Оралда «Мектепке жол» қайырымдылық шарасы жалғасуда

«Нұр Отан» ХДП қалалық филиалы төрағасының орынбасары Асыланбек Сарқұловтың айтуынша, партияның бастамасымен бұған дейін облыс орталығындағы көп балалы және тұрмысы төмен отбасында тәрбиеленетін 90-ға тарта мектеп шәкіртіне материалдық көмек берілген. Еліміздің ертеңгі болашағы - балалардың алаңсыз білім алуы үшін қолға алынған қайырымдылық акциясына өңірдегі кәсіпкерлер де атсалысуда.

Аталған білім шаңырақтарының оқушыларын оқу құралдарымен қамтуға жергілікті «Батыс спецавтоматика» ЖШС басшылығы қолдау көрсеткен. Демеушілердің мұндай қамқорлығына ата-аналар мен балалар дән риза.