Оралда мемлекеттік қызметкерлер арасында дәстүрлі спартакиада басталды
ОРАЛ. Тамыздың 27-сі. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Орал қаласында тамыздың 27-сінде мемлекеттік қызметкерлер арасында дәстүрлі спартакиада басталды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы ұйымдастырып отырған шара ҚР Конституциясының 15 жылдығына арналып отыр. Спорттың шағын футбол, үстел теннисі, дойбы, тоғызқұмалақ, шахмат, жеңіл атлетика, жүзу, қазақ күресі, арқан тарту секілді тоғыз түрінен болатын жарысқа облыстың барлық аудандарынан және Орал қаласынан командалар қатысуда.
Екі күнге созылатын жарыс ертең қорытындыланып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталмақ.