Оралда мемлекеттік қызметшілер арасында қысқы спартакиада мәреге жетті

ОРАЛ. Ақпанның 6-сы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Оралда мемлекеттік қызметшілер арасында ІІ қысқы спартакиада мәреге жетті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Барлығы 250 адам қатысқан облыстық жарыста жалпыкомандалық есепте Орал қаласының командасы жеңімпаз атанса, Ақжайық ауданы ? екінші, Бөрлі үшінші орынды еншіледі. Шаңғы спорты, қысқы президенттік сайыс, шорт-трек, допты хоккей, мәнерлеп сырғанау, шайбалы хоккей ? осының барлығынан да оралдықтар алда болды. Шаңғы спортынан сондай-ақ Бөрлі мен Шыңғырлау, президенттік сайыстан Сырым мен Ақжайық, шорт-тректен Ақжайық пен Жаңақала, допты хоккейден Ақжайық, шайбалы хоккейден Теректі, Ақжайық спортшылары ширақтық танытып, жүлделі орындарға ие болды.
Соңғы жаңалықтар